Семей полигоны – қасірет пен қайғы: кең көлемді кітап көрмесі
Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне орайластырылған 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында кітапхана пайдаланушылары үшін «Семей полигоны – қасірет пен қайғы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: оқырмандарды Семей ядролық полигоны туралы кітапхананың кітап қорымен таныстыру.
Кітаптарда Семей полигонының тарихы мен зардаптарын баяндайтын фотосуреттер, мұрағат құжаттар, куәгерлердің естеліктері бар.
Көрмеде М. Сәрсекеевтің орыс және қазақ тілдеріндегі «Семей қасіреті» және «Семипалатинская трагедия» кітаптары, Ю. Куйдиннің БҰҰ және БҰҰ-ның қатысуымен дайындалған үш тілдегі «Ядерная трагедия Казахстана» атты фотоальбомы , С. Стивенсонның «Вечная скорбь. Ядерный дневник», Қ. Бозтаевтың полигон туралы кітаптары, В. Кобриннің «Семипалатинская трагедия. Сборник пацифиста», Р. Сейсенбаевтың «День, когда рухнул мир» және полигонның мұрагері болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы шығаратын журналдар қойылған.