Адасқан ұрпақтың өкілі: әдеби портрет
21 қыркүйекте Абай атындағы кітапханада әйгілі неміс жазушысы Э.М. Ремарктың туғанына 125 жыл толуына орай Шәкәрім университеті студенттеріне «Адасқан ұрпақтың өкілі» тақырыбында әдеби портрет ұйымдастырылды. Ремарк өз ғұмырында 15 роман жазды. Олардың көпшілігі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында өткен «жоғалған ұрпақ» жастарының тағдырына арналды.
Іс-шараға қатысушылар жазушының өмірбаянымен, қызықты деректермен танысып, оның картина жинауға әуесқойлығынан ақпарат ала отырып, Г.Гарбомен, М.Дитрих сынды көрнекті актрисалармен жақын таныс болғандығы туралы құлағдар болды. Іс-шараға арнайы тұрғыда бейне көрсетілім дайындалды. Бейне көрсетілімде студенттер оның әйгілі «Батыс майданындағы тыныштық» романымен және осы роман бойынша түсірілген фильмнің үзінділерімен таныстырылды.
Аталмыш шара соңында жазушының ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде әр жылдарда жарық көрген шығармаларынан көрме жасақталып, студенттер назарына ұсынылды. Көрмеге Э.М.Ремарктың «Черный обелиск», «Үш жолдас», «Триумфальная арка», «Лиссабондағы түн» т.б. кітаптары қойылды.