• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қара өлеңнің қоңыры: шығармашылық кеш

Қара өлеңнің қоңыры: шығармашылық кеш

  • 18.11.2023

Абай атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының Абай облыстық филиалымен бірлесіп, ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты Ербол Алшынбаймен шығармашылық кездесу өтті.
Шәкәрім университетінің, М.Әуезов атындағы педагогикалық коледжінің студенттері және №30 орта мектептің мұғалімі, Ақселеу Сейдімбеков атындағы байқаудың жеңімпазы Сағындықова Жансая жетекшілік ететін 5 «Г» сыныптың оқушылары Ербол Алшынбайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, ал қаламыздың жас ақындары Жасұлан Мақаев пен Темірлан Темірбаев өз өлеңдерін ақын кешіне арнады.
Ақын Ербол Алшынбай «Шәкәрімнің Шыңғыстаумен қоштасуы», «Тарбағатай», «Топырақ астындағы жылқылар», «Бәсіре» өлеңдерін оқып, мемлекеттік қызметте жүріп шығармашылықпен айналысуы, «Шабыт» шығармашылық фестиваліндегі жеңісі, кәсіби сынды қабылдауы, қазіргі қазақ әдебиетінің сұранысы, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына көзқарасы,, «Жоғалған таулар» поэмасының жазылу себебі сынды қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өзінің «Жоғалған таулар» кітабын Абай кітапханасының қорына сыйға тартты.
Кеш барысында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, өнертанушы Құсмилия Жырғалұлы, абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков, еңбек ардагері Қадыр Досымжанов және Қарағандыдан келген ақын Жанат Жаңқашұлы қатысып ақынға сөз арнап, шығармашылық табыс тіледі.
Арқа өңірінен келген кеш қонақтары дәстүрлі әнші Саян Мұздыбай Тұрсынғазы Рахимовтың «Мен сені сағынғанда», қобызды серік еткен әнші Бөкен Жігер «Қайтейін қайран қарт елім» әндерін шырқады.
Кешке қатысушылар Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның әншісі, әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың төл шәкірті Жасұлан Тәжиевтің орындауындағы ән атасы Біржанның әнін тыңдап, осы филармонияның әншілері Ә. Серіков мен А. Оранбекұлы орындауындағы қазақ күйшілерінің шығармаларынан күй тартысын тамашалады.
Кеш соңында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Идрисова Назира Тасболатқызы және М.Әуезов атындағы педагогикалық коледжінің директоры Шаған Алдамжарқызы Жанаева сөз алып, елге келген ақынға рахмет айта отырып, алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады. Кеш қонақтары ақынмен ескерткіш суретке түсіп, ұйымдастырылған маңызды шараға қатысқандарына алғыстарын білдірді.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық рәміз – ұлт рухы: әдеби сағат
05мау.2025
Менің Қазақстаным: ақпараттық сағат
04мау.2025
«Еліміздің негізгі рәміздері»: ақпараттық сағат
04мау.2025
Рәміздер – біздің рухымыз, біздің бастауымыз: кітап көрмесі
03мау.2025
Оқимыз, ойнаймыз, көңіл көтереміз: мерекелік бағдарлама
02мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now