Сезім ақиқаты: әдеби сағаты
2023 жылғы 24 қарашада Абай атындағы кітапханада атақты ағылшын жазушысы Эмилия Бронтенің туғанына 205 жыл толуына орай Шәкәрім университетінің студенттеріне арналған әдеби сағаты өтті.
Іс-шараға қатысушылар жазушының шығармашылығымен танысты, сонымен қатар оның өмірбаянындағы қызықты фактілер поэзияға қызығуы , сурет салуға және иттерге деген құштарлығы, мінезінің ерекешелігі, шығармашылық бүркеншік аты оқырмандарымыздың қызғушылығын туғызды. Шара барысында қатысушылар оның есімін әйгілі еткен «Найзағай асуы» романымен танысты.
Қатысушылар үшін презентация мен ағылшын тілінде тест дайындалды, онда оның өмірбаяны бойынша сұрақтар дайындалды.
Викторинаның жеңімпазы ПД-101 тобының студенті Серкембаева Аружан болды, ол Э. Бронтенің «Найзағай асуы» романын сыйлық ретінде алды.