Оралхан Бөкей шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы: оқырмандар конференциясы
ХХ ғасырдың жарық жұлдызы, жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80- жыл толуына орай қаламгер шығармашылығын насихаттау мақсатында Семей қаласының Абай атындағы облыстық кітапханасында Әлихан Бөкейхан университеті филология кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Жұмабекқызы Аитованың ұйымдастыруымен «Оралхан Бөкей шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Оқырмандар конференциясы барысында Әлихан Бөкейхан университетінің КЯ-101, КФ-101 топ студенттері жазушының «Сайтан көпір» туындысындағы адам және табиғат байланысын, кейіпкер болмысын табиғатпен астастыра суреттеудегі шеберлігін талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Оралхан Бөкей повесіндегі адам мен табиғаттың ажырамас бірлігін қаламгердің «Атау кере», «Қар қызы» шығармаларымен салыстыра отырып, мәңгілік тақырып адами құндылықтар жайлы кеңінен талқыланды.