Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!
Абай атындағы кітапханада 14 желтоқсанда тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесімен танысуға Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекеме қызметкерлері келді. Көрмемен таныстыру барысында кітапхана қызметкерлері Тәуелсіздік тарихы, тәуелсіздік жолындағы ата-баба ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасады.
Кітапхана қызметкері еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиеттерге тоқталды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі даму қарқыны, дипломатиялық қарым-қатынастары сөз болды.
Кітап көрмесіне М. Қозыбаев «Киелі Тәуелсіздік» А. Бектемісов «Тәуелсіздік тартуы», Н. Мұстафаев «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» кітаптар топтамасы, М. Шибутовтың «Тәуелсіз Қазақстан тарихы: үкімет пен атқарушы билік», Қ.Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», Б. Төлепбергенің «Қасиеттім –Желтоқсан» т.б.кітаптар қойылды.