Ел таныған ерен тұлғалар : рухани кездесу кеші
14 ақпан күні Абай атындағы кітапханада «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітап авторлары Тұрсын Жұртбай, Бауыржан Жақып, Толымбек Әбдірайым, Думан Рамазан, Айгүл Кемелбаева сынды белгілі қаламгерлерлермен жергілікті және аудан кітапханашыларының рухани жүздесу кеші болып өтті.
Кеште Б.Жақып сөз алып, жоба аясында өз ойын ортаға салып, туған жерге деген ыстық сезімін арнайы өлең жолдарымен жеткізсе, А.Кемелбаева, Д.Рамазан жазушылықтың қыр-сырына тоқталып, қаламгерлік өмір жолдарынан сыр шертті. Жазушыларға кітапханашылар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Кітап авторлары өмір мен өнерді ұштастыра отырып, жазушылар ортасындағы кең таралып кеткен әзіл-қалжыңдарды ортаға салып, Т.Әбдірайым «Сағым жылдар» әнін елге деген сағыныш ретінде көпшілікке тарту етті. Т.Жұртбай кітапханашыларға зор құрметпен қарайтындығын жеткізе отырып, ең жас кітапханащыларға батасын берді. Жүздесу кеші еркін форматта өтті.