Абай өміріндегі қала: өлкетану қонақжайы
2024 жылдың 18- ақпанында Абай атындағы кітапханада «Прииртышье» өлкетану қоғамы мен кітапхана мамандары дайындаған «Абай өміріндегі қала» атты өлкетану қонақжайы өткізілді. Шараға электротехника колледжінің студенттері,қала тұрғындары, өлкетанушылар қатысты.
Іс-шарада Абайдың ақындығы, қоғам қайраткерлігі, меценат бейнесі жан-жақты ашылып, тың ақпараттар берілді.Қатысушылар Абай тығыз байланыста болған Семей қаласының тарихи ғимараттары туралы ақпарат алып, ақын өмірінен сыр шертетін сирек кездесетін кітаптар, мұражай жәдігерлері туралы шолуға үлкен қызығушылық танытты. Шолуды Абай мұражайының маманы М.Қайрамбаева өткізді.
Аталмыш қонақжайда М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 4 курс студенті А.Тұрғамбаев ақынның «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.
Абай шығармашылығы және ол туралы сыр шертетін шығармалармен жасақталған кітап көрмесі іс-шара мазмұнын аша түсті. Іс-шара соңында қатысушылар Ұлы ақын туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.