Абай өміріндегі қала: өлкетану қонақжайы
6 наурыз күні Абай кітапханасының мамандары № 6 гимназияның 8-сынып оқушыларына «Абай өміріндегі қала» атты өлкетану сабағын өткізді.
Шарада Абайдың ақын, қоғам қайраткері, меценат бейнесі ашылды.
Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің студенті Н. Асқарқызы Абайдың «Өзгеге, көңілім, тоярсың» әнін орындады.
Семей қаласы ақынның өмірінде ерекше,маңызды орында. Абай осы қаладан ілім-білім жинады,медреседе оқыды,көптеген достар тапты.Іс-шараға қатысушыларға ол басып өткен жолдар мен қаланың қазіргі бейнесі көрсетілді. Аталмыш гимназия кітапханашылары шара тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін дайындап, Абай кітапханасы қызметкерлері кітапхана қорындағы А.Құнанбаевқа қатысты еңбектерді көрермендер назарына ұсынды.
Іс-шара соңында гимназия әкімшілігі кітапхана мамандарына алғыс хаттарын табыстады.