Елдік пен бірлік мұраты: тарихи дәріс
14 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Елдік пен бірлік мұраты» атты тақырыпта тарихи дәріс ұйымдастырды.
Шараға Шәкәрім университетінің жаратылыстану математика факультетінің география-тарих мамандығының студенттері, сондай-ақ қаламыздағы №47 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Дәрісте Шәкәрім атындағы университеттің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Т.А. Кариева Жошы ұлысы – мемлекетіміздің негізі, отандық және шетел ғалымдарының жаңаша көзқарастары еліміздің тарихын жаңаша жазуға мүмкіндік беретіндігі жөнінде ой бөлісті.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері Жошы ұлысы туралы видеоролик көрсетті.