Заманауи фотосурет: дәріс
2014 жылдың 17 қаңтарында Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Объектив» фото-бейне клубының алғашқы отырысы ұйымдастырылды.
Өткізілген уақыты: 17 қаңтар 2014 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар – жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар. Қатысушылар саны – 4 адам. Іс-шараның мақсаты: жастар мен мүгедек жандардың қызығушылықтары бойынша қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау және олардың шығармашылық бастамалары мен бос уақыттарын ұйымдастыру. Күтілетін нәтиже: жастар мен әр топтағы мүгедек жандардың фотосурет саласындағы кәсіби дағдыларын дамыту және демалыс уақыттарын ұйымдастыру.
2014 жылдың 17 қаңтарында Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Объектив» фото-бейне клубының алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері жастар және мүмкіндігі шектеулі жандарға «Заманауи фотосурет» атты кіріспе дәріс өткізді.
Бүгінде фотосурет Халықаралық Дельфий ойындарындағы «Визуалды өнер» категориясының бір пәні болып табылады. «Технодом» СҮ кітапхана қызметкерлеріне бейнекамера қызметі бар 4 фотоаппаратты ұсынып, клубтың ұйымдастырылуына жақсы демеушілік көмек көрсеткен болатын. Шара барысында клуб мүшелері «фотосурет» ұғымы, фотосуреттің даму тарихы, араб математигі Альгазен из Басры, Иоганн Гейнрих Шульце, Жозеф Нисефор Ньепс, Луи-Жак Манде Дагер, Эркюль Флоранс сияқты 10-шы ғасырдағы ғалымдардың фотосуреттің дамуына қосқан үлестері туралы мағлұмат алды.
Фотосуретке түсіруде қолданылатын әдістер клуб мүшелерін аса қызықтырды: 1725 жылы – күміс қосылған бор ерітіндісі арқылы фотосуреттің пайда болуы, 1822 жылы – алғашқы бекітілген кескіндеме, 1839 жылы – күміспен қапталған жез пластинада кескіндеме жасау, 1833 жылы – күміс нитраты арқылы фотосурет шығару әдісі, 1981 жылы – сандық фотосуреттің пайда болуы.
Сонымен қатар фотосурет жанрларына да ерекше көңіл бөлінді, сөйтіп фотосуреттің негізгі – 7 жанры, өзгеше – 30 түрлі жанрлары айқындалды. Олардың ішінде әуе фото түсірілімі, архитектуралық фотосурет, астрофотосурет, имидждік фотосурет, ломография, репортаждық фотосурет, пин-ап, стробизм және т.б.
Дәріс «Фотосурет – ел тарихында» атты кітап көрмесімен толықтырылды. Бұл көрме «Қазақстан жан дүниесі», «Алтай – алтын бесігім», «Душа и память народа», «Памятники истории и культуры Восточного Казахстана» және т.б. суретті фотоальбомдармен безендірілді.