Отан – Анамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруі: дәріс
2014 жылдың 22 қаңтар күні Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері көп салалы колледж студенттері мен колледж мұғалімдеріне «Отан- Анамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру» тақырыбында дәріс өткізді.
Өткізілген күні: 22 қаңтар 2014 жыл. Өткізілген орны: Семей көп салалы колледжі. Қатысушылар: Колледж мұғалімдері мен студенттері . Қатысушылар саны: 20. Мақсаты: Елбасы жолдауын насихаттау. Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының «Қазақстан-жолы -2050: жолдауындағы дамуының басты бағыттары туралы білімдерін кеңейту.
2014 жылдың 22 қаңтар күні Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері көп салалы колледж студенттері мен колледж мұғалімдеріне «Отан- Анамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру» тақырыбында дәріс өткізді. Шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» – биылғы халыққа жолдауы Қазақстанның өткен жылдардағы жетістіктерін саралап, болашаққа бағыт-бағдар және жоспар құрып отырғандығы баяндалды. Кітапхана қызметкерлері Елбасының жолдауындағы отандық білім саласын жандандыру, экономиканы қарыштатып дамытуды және ұлттық идеямыз –Мәңгілік ел!, ең басты мақсат — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мәселелері туралы мағлұматтар берді. Шарада студенттер «Елбасы Жолдауы-Мәңгілік Ел» тақырыбында слайд шоумен танысты.
«Қазақстан 2050» тақырыбындағы көркемделген кітап көрмесіне Елбасының еңбектері, атап айтқанда: Н.Назарбаевтың «Қызмет хроникасы», Дағдарыстан жаңару мен дамуға, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан, Қазақстан халықтарының Ассемблеясы және т.б. кітаптар мен «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 18 қаңтарда жарық көрген Елбасының жолдауы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Мәңгілік Ел-«Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы», «Елбасы Жолдауы- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының берік негізі» пайдаланушыларға ұсынылды.