Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!
Бүгін 21 мамыр – елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында кітапханамыздың мамандары Ж. Чушекова Абай облысының әкімі Н.Ұранхаевтың және М. Қыдырмина Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Н. Идрисованың, ал жас мамандар А.Абельдинова мен А. Берікқожановалар кітапхана директоры М. Қарттың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен тағы бір мәрте құттықтай отырып, зор денсаулық тілеп, ел мәдениетін дамыту жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін дейміз.