Конституция –тұрақтылық кепілі: кең көлемді кітап көрмесі
27 тамыз күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция –тұрақтылық кепілі» – кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері көрмені таныстыру барысында елімізде қабылданған Конституциялар тарихы, 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданғаны жайында, Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы ретінде қарастырғаны жайында айтып өтті.
Көрмеге Н. Өсерұлының «Жеті жарғы», З. Кенжалиевтің «Развитие конституционного законодательства РК», «Қазақтың ата заңдары», Қ. Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», Ө. Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», Ғ.Маймақовтың «ҚР саяси-құқықтық тарихы», М. Матаеваның «Конституционная история Казахстана и стран Центральной Азии XXвек», Зиманов С.З. Конституция и парламент Республики Казахстан «Конституция Республики Казахстан: социальные ориентиры, практика реализации» т.б. кітаптары қойылды.
Көрмеге қатысушылар 1993 жылғы қабылданған конституциямен қазіргі, 1995 жылғы конституцияның қандай айырмашылықтары бар? ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің көзі кім? деген сұрақтарға жауап алды.
Ата Заңымыздың тарихы мен маңыздылығы жайында білгісі келетін оқырмандарымызды тамыз айының соңына дейін ұсынылатын кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.