Ұлт қасіретін арқау еткен басылым: тарихи – танымдық дәріс
Желтоқсанның 12 күні Абай кітапханасының қабырғасында Алаш Орда Үкіметінің құрылған күніне орай «Ұлт қасіретін арқау еткен басылым» атты тақырыбында тарихи – танымдық дәріс өтті. Дәріс «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20 – 50 жылдары» атты кітаптың ХХ, XXXVI томдарын негізге ала өтті. Жинақтың XXXVI томында 1921 – 1932 жылдарды қамтитын архивтік құжаттар ұсынылса, ХХ томында ҚР Орталық мемлекеттік архивінің, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы, Ресей мемлекеттік әскери архивінің қорларында анықталған 1920 – 1930 жылдардың соңындағы Ертіс өңірінің тарихы бойынша құжаттар ұсынылған. Осы жинақты арқау ете отыра дәріс өткізілді.
Шара барысында саяси қуғын – сұргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелерінің дайындаған жинақтары таныстырылды.
Мемлекеттік комиссияның мүшелері, жерлестеріміз Абай облыстық мемлекеттік архивінің маманы Лаура Қадырова, тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Кариева Тоты Амангелдіқызының құрастыруымен ХХ ғасырлың 20 – 50 жылдардағы Абай облысында кеңестік қуғын – сүргін зобалаңы жайында Семей архивінен табылған құнды құжаттар туралы мол мағлұматтар берді. Тоты Амангелдіқызы «Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін: тарихы мен тағлымы» атты тақырыпта дәріс оқыды. Қадырова Лаура Қабылғазықызы саяси қуғын – сүргін құрабандарын ақтау комиссиясының атқарған жұмыстары мен табылған тың деректерімен таныстырды. Тарих мұғалімдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Кітапханамыздың ақпараттық – библиографиялық қызметпен қамтамасыз ету бөлімінің кітапханашысы Орынкамал Долдашқызы «Алаш электрондық кітапханасы» тақырыбында таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Абай атындағы кітапхана мамандары «Алаш» электронды кітапханасының қорындағы құнды құжаттармен таныстырып, кітапхана қорында сақталған Қазақстан тарихына қатысты басылымдардан кітап көрмесі ұсынылды.
Еліміз басынан кешкен ұлт қасіреті туралы деректі құжаттар жайында мол мағлұмат берілетін маңызды шараға қала мектептеріндегі тарих пәні мұғалімдері де қатысты.