Артық білім кітапта …: әдеби квиз
18 желтоқсан күні кітапханамызда «Кітапхана және аймақтық мәдени кеңістігі» тақырыбындағы кеңейтілген мәдени-рухани шара аясында Абай облысы кітапханашылары арасында «Артық білім кітапта …» тақырыбында әдеби квиз ұйымдастырылды.
Әдеби квизге қатысушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларға дайындалулары қажет. Бұл топтық жұмыс. Сондықтан аталмыш әдеби квиз бес кезеңнен тұрды. Ойын әдебиет төңірінде. Әр кезеңге жекелеме тоқталсақ: тест, логика, медиа, блиц, аралас раунд.
Әр кезең бойынша топтардың білімдері мен шапшаңдығы ескерілді. Қатысушы әрбір топ өз білімдерін көрсетуге тырысып, жылдамдықтарын да іске қоса алды.
Әр кезеңнен сүрінбей өткен топтардың уақыт шапшаңдықтары да ескеріле отырып, әділқазылар алқасы арнайы жүлделі орындар тағайындады.
Атап айтқанда 1 орынды – «Аягөз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ , 2 орынды – «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ , 3 орынды – «Абай облысы Үржар ауданының Үржар аудандық орталық кітапханасы» КММ мен «Мұқыр ауылының кітапханасы» КММ иеленді.
Жеңіс құтты болсын, әріптестер!