Қазақтың қайсар ғалымы: дәріс сабақ
Бүгін, яғни қаңтардың 5- жұлдызы әдебиет тарихшысы, ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедханұлының туған күніне орай Абай кітапханасының шаңырағында «Қазақтың қайсар ғалымы» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді. Дәріске Ә.Бөкейхан университетінің гуманитарлық факультет студенттері қатысты.
Шараға қатысушыларды «Абайтанудың көрнекті қайраткері» тақырыбындағы кітап көрмесі қарсы алды. Көрмеге: Қ.Мұхаметхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» еңбегінің барлық шығарылымдары, «Абайдың шығармаларына ғылыми түсініктер», «Тарта көр Семейімнің топырағы» өлең, поэма, аударма, мақалалар, арнаулардан тұратын және А.Белякинаның «Человек легенда» сонымен қатар, мерзімді басылым беттеріндегі жарияланымдар қойылды.
Шара барысы кітапханамыздың https://kaum100.semeylib.kz/ сайтында орналасқан Қ.Мұхаметханұлы туралы ұйымдастырған виртуалды көрмесіне шолу жасалып, ғалымның өмірбаянынан туралы айтылып, ғылымдағы жолы, тағдыры, әке тәрбиесі жайында жан-жақты ақпараттар берілді. Елге білім нәрін жинаған ғалымды 50 -51 жылдардағы солақай саясаттың арқасында 25 жылға соттап, азап лагерінің дәмін татқаны жайында әңгіме өрбіді. Алаштың соңғы тұяғы болып, ел үшін бітірген еңбегі жайында айтылып, Абай тану іліміне қосқан үлесінің теңдесіз екендігі бағаланды.
Бұл күн, яғни Қ.Мұхамедханұлы есімі әдебиет бетінен, халық жүрегінен жоғалмақ емес.