Исабаев Бекен «Ұлылар мекені»: кітап таныстырылымы
10 қаңтар күні Абай кітапханасында танымал қаламгер Бекен Исабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған, 2024 жылы «Абай жолы» кітапханасы кітаптар топтамасымен жарық көрген «Ұлылар мекені» кітабының таныстырылымы өтті. Іс- шараға Әлихан Бөкейхан университетінің филология факультетінің студенттері қатысты.
Шараға арнайы қонақ болып қаламгердің ұлы Шағжан Бекенұлы Исабаев қатысып, өзінің әкесінің өмірбаяны мен шығармашылығын тыңдарманға таныстырды.
Шарада Бекен Исабаевтың «Ұлылар мекені» атты кітабының мазмұны таныстырылды. Іс-шараға шақырылған қонақтар ақын, «Жәрдем» баспасының директоры Айдар Құдайберген және «Абай» ақпараттық порталының тілшісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын Сәтжан Кәріпбаев және жазушы, «Егемен Қазақстан» газетінің Абай облысы бойынша тілшісі, «Алаш арыстары Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қуат Қиықбай келіп сөз сөйлеп, өз ізгі тілектерін білдірді. Ә. Қашаубаев атындағы филармония әншісі А. Бауыржанұлының орындауында Уәйіс Шондыбайұлының «Бозқараған», Абайдың әні «Жүрегім нені сезесің» әндері шырқалды.
Шараның қорытындылау мақсатында Бекен Исабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты «QUIZ» интелектуалды ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар білімі сыналды.
Шара соңында жетістікке жеткен топтар марапатталып, қорытынды сөз сөйленді.