Жемқорлықсыз болашақ : ақпарат сағаты
12 ақпан күні Семей қаласындағы Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері «Есеп және аудит», «Банк ісі», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» факульттерінің студенттеріне «Жемқорлықсыз қоғам» атты тақырыпта ақпарат сағатын өткізді.
Шара барысында әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы, Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берілді. Студенттермен сыбайлас жемқорлық ұғымының өзі, оның түрлері, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жиі жазасыз қалу себептері талқыланып, сыбайлас жемқорлық байқалатын барлық салалар туралы айтылды. Студенттер бұл құбылыс туралы белсенді түрде өз пікірлерін білдіріп, нақты жағдайларды мысалдармен келтіріп, сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын көрсетті. Студенттерге әртүрлі басшылық қызметтерді атқарып, сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келсе, қоғамдағы жемқорлықты жою үшін не істер едіңдер деген сұрақтарға жауап берген ойлары тартымды, әрі қызықты болды.
Іс-шараға «Борьба с коррупцией», И. Борчашвилинің «Коррупционные преступления: закон, теория, практика», Б. Жетписбаеваның «Стратегия борьбы с коррупцией», «ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы заңы, Л. Бисенгали «Основные вопросы противодействия коррупций» кітаптары таңдалып, шолу жасалды.