Логотерапия : кітап талдау
15 ақпан күні Абай кітапханасы «Асық» әдеби-мәдени оқырмандар клубымен бірлескен түрде «Логотерапия» кітабынан «Қоғамды сынау: «Гуманистік психология» адамгершілікке қаншалықты сай?» тақырыбында мазмұнды талқылау өткізілді.
Әрбір қатысушы өз ойымен бөлісіп, тақырыпты жан-жақты сараптап, пікірталас өрбітті. Талқылау барысында гуманистік психологияның адамгершілік қағидаларына сәйкестігі, оның қоғамға ықпалы, рухани құндылықтармен байланысы сынды өзекті мәселелер қозғалды.
Клуб мүшелері өмірлік тәжірибелерімен, оқыған-тоқығандарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Әр пікір құнды, әрбір көзқарас ерекше болды. Осындай терең талқылаулар ой-өрісті кеңейтіп, кітап әлеміне деген сүйіспеншілікті арттыра түсері сөзсіз.