М. Мағауин «Тазының өлімі», «Қара қыз»: оқырмандар конференциясы
21 ақпан күні Абай кітапханасында Мұхтар Мағауиннің «Тазынның өлімі» және «Қара қыз» әңгімелері бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді.
Шараға Шәкәрім университетінің филология жоғары мектебінің КЯЛ-201, КЯЛ-203, КЯЛ-205 топ студенттері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктер мен тақырыптық мазмұнын талдау. Конференция барысында 3-курс студенттері Есмухамбет Анель, Аманбай Әмина баяндама оқыды. Студенттер жазушының кейіпкерлерін, олардың ішкі әлемін, қоғаммен байланысын, сондай-ақ, шығармалардағы ұлттық құндылықтарды талдап, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушылар Мұхтар Мағауин шығармашылығының қазіргі заман үшін маңыздылығы туралы пікір алмасты. Бұл шара студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркем шығарманы талдау дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етті.