Тіл жеткізбесті ән жеткізер: кездесу сағаты
22 ақпан күні Абай кітапханасында «Асық» әдеби-мәдени клубымен бірлескен түрдегі ҚР мәдениет саласының үздігі, Шәкәрім университетінде ұстаз, дәстүрлі әнші Қайрат Қабышевпен кездесу өткізілді.
Аталмыш шараға кездесу қонағы өз жанұясымен келді. Ұлдары қобыз, домбырада ойнаса, жары Ақмарал да өнерден кенде емес екендіктерін көрсетті.
Қ. Қабышев өнер жолына қалай келгендігін әңгімелеп, консерваторияға оқуға барған шақтарынан сыр шертіп, студент кезеңдердегі қызықты шақтарымен ой бөлісті..
Қайрат Қабышев Ж. Кәрменовтің соңғы, Б. Тілеуханның алғашқы шәкірті. Ол сондай-ақ, кездесу барысында Балуан Шолақ, Біржан сал, Ақан сері, Абайдың ән өнеріне қосқан теңдесіз үлесі жайында деректі дәлелдер келтіріп, тарихы тереңдегі қазақ өнері жайында әңгіме өрбітті.