Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғыс айтамын!: ақпараттық сағат
28 ақпан күні Абай кітапханасы қызметкерлері қаламыздағы № 17 орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз- Алғыс айту мерекесі аясында 9 сынып оқушыларына «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғыс айтамын!» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Шарада ассамблеяның – еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келе жатқандығы туралы ақпарат беріліп, алғыс айту күні мерекесінің негізі- көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, барлық этностардың бір-біріне және қазақ халқының оларға қолдау көрсеткендігіне алғыс айту болып табылатындығы жайында әңгіме өрбіді.
Оқушыларға Алғыс айту күнінің шығу тарихы туралы ақпарат беріліп, жасөспірімдердің өзіндік пікірлері тыңдалды.
Шараға қатысушылар үшін « Келісімнің негізгі тетігі – Қазақстан халқы ассамблеясы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, этносаралық татулыққа бағытталған кітаптар таныстырылды.
Іс-шара соңында оқушылар кітапхана қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіріп, кітапхана ұжымына шығармашылық табыс тіледі.