Мұхтар – қазақ әдебиетінің тарланы: кітап көрмесі
12 наурыз күні Абай кітапханасы қызметкерлері Қазақстан Халық партиясының ұйымдастыруымен М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде көрнекті жазушы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Мағауин: мұра және қазіргі заман» тақырыбында республикалық конференциясы аясында «Мұхтар – қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында арнайы кітап көрмесін жасақтады.
Көрмеге қарымды қаламгердің алғашқы зерттеу еңбегі «Қобыз сарыны», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Сары қазақ», «Шақан Шері», «Шыңғыс хан» романдары, «Бір атаның балалары», «Көк кептер», «Тазының өлімі» әңгімелері мен туындылары, 13 томдық (2002), 26 томдық (2024) шығармалар жинағы қойылды. Көрмеде Мұхтар Мағауиннің көркем шығармалары, ғылыми зерттеулері және әдебиеттану саласындағы еңбектері қойылып, қалың көпшілікке таныстырылды.
Бұл көрме жазушының шығармашылығын насихаттап, қазіргі және болашақ ұрпаққа оның әдеби мұрасын жеткізуге бағытталған.
Іс-шараға әдебиеттанушылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.