Мамандықтар әлеміне саяхат: кітапханалық жоба
Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Мамандықтар әлеміне саяхат» жобасын жүзеге асыру аясында 18 наурыз күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы «Семей цемент зауыты» ЖШС-не экскурсиямен барды.
«Семей Цемент зауыты» кәсіпорнының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Шунатов Дәурен зауыттың тарихымен, өндіріс қуаттылығын арттыруға арналған жаңа желілермен, Қазақстан нарығына ғана емес, Ресейге де экспортталатын өнімдердің технологиясымен таныстырды.
Зауыт маманы цемент өндірісінің технологиялық сызбасын таныстыра отырып, саз карьерлерін дамыту, шикізат пен цемент зауыттарын пайдалану, цементті орау және тасымалдау туралы кең көлемді ақпарат жеткізді.
Аталмыш зауытқа саяхат жасау кітапханашылар үшін, кәсіпорынның тарихымен, оның нақты өндірісі мен қаланың ғана емес, жалпы еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы тереңірек білуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да кітапханалық жоба өз жалғасын таппақ.