Қазақстан жолы – 2050: талқылау
2014 жылдың 31 қаңтарында Абай кітапханасында кәсіподақ жиналысы барысында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау талқыланды.
Кітапхана директоры Шаймарданова А.Ә. 2014 жылғы Елбасы Жолдауы қоғамдағы өзекті мәселелерді айқындап, «Қазақстан-2050» даму Стратегиясының іске асырылуын алға қоятынын атап айтты. Елбасы Жолдауы – бұл кез келген жастағы азаматтың болашағына қатысты маңызды құжат болып табылады. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Жолдаудың басты бағыттарын, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену жолдарын көрсететін слайд-шолу дайындады. Талқылау барысында кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.
. Себебі, біздің кітапхана 2013 жылдан бастап бұл бағытта елеулі еңбек етіп, «Книгоноша», «Библиокөмек», «Грамотный пользователь» атты әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Елбасы Жолдауына байланысты бұл жобалар демеушілік көмегін табады деген сенімдеміз. 2014 жылғы Жолдауға байланысты іс-шаралар тізімі таныстырылды. Кітапхана ұжымы Елбасы Жолдауының іске асырылуы Қазақстан Республикасы одан әрі дамып, өркендеуіне мүмкіндік береді деп сенеді.