Өлкетану клубы
5 сәуір күні Абай кітапханасында № 50 мектеп пен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен өлкетану клубының отырысы өтті. Балаларға экскурсия ұйымдастырылып, Мәңгілік Ел көшесі бойындағы тарихи ғимараттармен танысты. Бұл губернатордың үйі (өлкетану мұражайы) және қасында тұрған 19 ғасырда қала басшысы болған А.В. Московин тұрған үйлер. Бүгінде бұл аумақта ұйымдардың кеңсесі мен Кәсіподақтар үйі орналасқан. Балалардың тарихи ғимараттарды зерттеуі негізінде губернатор үйі үшін учаскенің қысқаша картасы жасалды, онда балалар ең қажетті ақпарат пен фотосуреттерді жинады. Мұндай карталарды жасау арқылы балалар өз мектептерінде оқушыларға экскурсия жүргізе алады. Сондай-ақ, Ш. Уәлихановтың Қашқарға Семейден Аягөзге дейінгі экспедициясы туралы зерттеулер туралы ақпарат қатысушылар назарына ұсынылды.