Бірлік. Келісім. Достық: кең көлемді кітап көрмесі
2025 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады, ол Қазақстандағы келісім мен ұлттық саясатты қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
2025 жылдың сәуір айында кітапхана оқырмандары үшін «Бірлік. Келісім. Достық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде Ассамблеяның құрылу тарихына, Қазақстанның ұлттық және этникалық саясатына арналған үш тілдегі кітап пен мерзімді басылымдар ұсынылды. Сондай-ақ, келушілердің назарына «Қазақстан халқы: тарих және қазына заман» жинағы ұсынылды. Оған тарихи очерк, аударылған мұрағаттық құжаттар, Қазақстанның этнографиясы және мәдени дамуы туралы материалдар енген.
Көрмеде Ассамблеяның құрылысы мен тарихи рөліне «ҚХА-ға 10 жыл», «ҚХА-ға 20 жыл: бір ел – бір тағдыр», «Бірлігі жарасқан біздің үй», Достық үйінің құрылысы және 20 жылдығы туралы, «Халық Ассамблеясы: мақсат пен меже» атты кітаптар арналды.
Аталмыш көрмеге көпұлтты мемлекеттік қалыптасу кезендері туралы Ғарифолла Есімнің «Тәуелсіздік философиясы», «Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процессер» және «Мен – Қазақстан азаматымын» монографиялары қойылды.
«Бірлік. Келісім. Достық» атты кітап көрмесі жыл соңына дейін халық назарына ұсынылады. Барлық ниет білдірушілерді көрме материалдарымен танысуға шақырмыз.