Әлемдік ойдың алыбы: ақпараттық сағат
10 сәуір күні Абай атындағы кітапханада Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Әлемдік ойдың алыбы» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға SNSchool жекеменшік мектебінің 6-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кітапхана тарихымен, Абайдың рухани орталығымен, кітапхананы құрудағы Абай Құнанбаевтың қосқан үлесі, Абай оқыған кітаптар және мерзімді басылымдармен, Абайдың қоғам қайраткері және меценаттық рөлі таныстырылды.
Кітапхана мамандары Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректермен бөлісіп, оның балалық және жастық шағындағы өмірбаяндық мәліметтері, отбасы мен шығармашылық ортасы, болыстық басқарушы ретіндегі қоғамдық қызметінің басталуы, шығармашылық дамуы мен ақындық шабыты туралы әңгімеледі. Оқушыларға Абайдың «Абай әлемі» және «Абай жолы» сериясымен жарық көрген кітаптарды, сондай-ақ «Қара сөздер» жинағы, өлеңдері мен кітаптары сыйға тартылды. Барлық ақпарат слайд-шоумен сүйемелденді.
Іс-шараға тыңғылықты дайындалған мектеп оқушылары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Жүрек теңіз – қызықтың бәрі – асыл тас…», «Сөз басы», «Қуанбаңдар жастыққа», «Қыс», «Тоты құс түсті көбелек…», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» өлеңдерімен мен қарасөздерінен үзінді оқыды. Жанали Аманғали, Алан Байтасов, Зара Галимова, Эвелина Дмитриева, Ярослав Долгополов, Еркеназ Еркінқажы, Айла Игембаева, Стефания Кондакова, Кирилл Медведев, Кәрім Мүсілімов, Семен Остальцев, Влад Сагиев және Риана Тыныбаевалардың орындауларында Абайдың басқа да шығармалары оқылды.