• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • М. Иманжапар «Жарма өңірінің ақын-жазушылары»: кітап тұсаукесері

М. Иманжапар «Жарма өңірінің ақын-жазушылары»: кітап тұсаукесері

  • 11.04.2025

10 сәуір күні Абай кітапханасында Жарма ауданының Құрметті азаматы, зерттеуші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз, белгілі баспагер Мұрат Тлегенұлы Иманжапардың «Семей өңірінің ақын-жазушылары» сериясы аясында жарық көрген «Жарма өңірінің ақын-жазушылары» атты үш томдық еңбегінің тұсаукесер рәсімі өткізілді. Шараның мақсаты – қастерлі Жарма топырағынан түлеп ұшқан қалам иелерінің шығармашылық мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, рухани қазынаны дәріптеу арқылы әдебиетіміздің алтын арқауын жалғау және өскелең ұрпақты ұлттық құндылыққа сусындатып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Зиялы қауымның басын қосқан бұл маңызды жиын Мұрат Тлегенұлының жарық көрген жаңа туындысының елге таныстырылуымен ерекшеленді. Кітаптың тұсаукесер рәсімі автордың өмір жолында үлкен үлгі болған ұстазы, көрнекті ғалым Арап Еспенбетовке және танымал тарихшы, этнограф Мұхаметқазы Мұхамедиұлына салтанатты түрде табысталды. Жиын барысында жазушы, әдебиеттанушы, «Алаш арыстары Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қуат Қиықбай қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына терең үңіле отырып, «Жарма өңірінің ақын-жазушылары» жинағына енген тұлғалар жайлы мазмұнды баяндама жасады.
Сонымен қатар, Жарма ауданынан арнайы келген делегация өкілі, аудан әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев сөз сөйлеп, ұлағатты ұстазды жаңа туындысының тұсаукесерімен құттықтап, аудан әкімі Нұрлан Борсукбаевтың атынан «Жарма ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бұл – ғалымның ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегінің еленгенінің айғағы.
Іс-шараға Жарма өңірінен келген зиялы қауым өкілдері мен қонақтар, сондай-ақ Шәкәрім университеті мен Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері қатысты. Жиын барысында зиялы қауым Арап Еспенбетов, Мұхаметқазы Мұхамедиұлы, Бауыржан Ерденбеков, Тұрсын Шаңбай сынды елге танымал тұлғалар сөз алып, қаламгерге шығармашылық шабыт пен қажымас қайрат тіледі. Сондай-ақ, Мұрат Тлегенұлының шәкірті, айтыс өнерінің өкілі Серік Қуанған ұстазына арнау арнап, рухани кештің көркемдігін арттырса, Шәкәрім университеті Өнер факультетінің студенті, Қайрат Қабышевтің шәкірті Ілияс Сабырбаев тамаша әнімен көпшіліктің көңілінен шықты. Ал Жарма ауданынан келген делегация өкілі, ақын Жұмабақыт Рахметова жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
Іс-шара соңында Мұрат Тлегенұлы ізгі тілегін білдіріп, жиналған қонақтарға шексіз алғысын айтты. Тұсаукесер – руханияттың жаңғыруына арналған тағылымды кешке айналып, әдебиетке жанашыр қауымның көңіл төрінен орын алды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025
Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now