Менің сүйікті кітабым…: ойталқы
30 қаңтар 2014 Абай атындағы әмбебап кітапханада «Менің сүйікті кітабым» атты ойталқы өтті.
Білім алудың басты құралы -кітап. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді. Бүгінгі таңда теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы болса да шындық. Студент жастарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу, кітапханаға оқырман тарту мақсатында «Менің сүйікті кітабым» атты ойталқы өтті. Шараға қатысушылар оқыған әдеби кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға сала отырып, біршама сұрақтар төңірегінде пікір алысты.
Атап айтқанда Шәкәрім атындағы университеттің студенттері Сағындыкова Алтынай, Байболова Данагул, Шаймарданова Аяулым, Әлипаева Аяулым, бизнес колледждің студенттері Серікбаева Жансая және Қайрбеков Тимур өздерінің оқыған көркем әдебиеттері туралы ойларын ортаға салды.. Шара соңында оқырмандар «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты кітап көрмесімен танысты.