«Ертегідегі ғажайып қиял- өмірдің шынайлық негізі»: ертегі викторинасы
11 сәуірде балалар әдебиеті бөлімінің қызыметкерлері «Ертегідегі ғажайып қиял- өмірдің шынайлық негізі» атты шара өткізді. Оған «Тұлпар» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларды қазақ, орыс және шетелдік жазушылардың кітаптарымен, ертегілерімен, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы танымдық энциклопедияларымен және 3D кітаптармен таныстырып өтті. Қатысушылар «Ертегі желісі бойынша пазлы жинау», «Сіз ертегіні білесіз бе?», «Артығын тап» логикалық ойыны, «Ертегі кейіпкерлерін тап»деп аталатын викторина мен ойындарға белсене қатысып өз білімдерін көрсетті. Кітапхана қызметкерлері «Шұбар тауық» ертегісі желісіне сүйне отырып қуыршақ қойылымын көрсетті. Көрініс кезінде балалар мұқият тыңдап, жақсы және жағымды эмоцияларға ие болды,балалар көргендері мен алған әсерлерімен бөлісті. Соңында бөлім қызметкерлері кітапхана бойынша танымдық экскурсия өткізіп, балалар ойын бөлімі мен робототехникамен танысты.