Белгісіз сарбаздар ізін іздейміз: өлкетану қонақжайы
13 сәуір күні кітапхана пайдаланушылары мен қала тұрғындары үшін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамы мен Абай кітапханасы дайындаған «Белгісіз сарбаздар ізін іздейміз» өлкетану қонақжайы өтті.
Іс-шараның басты тақырыбы – соғыстан кейін көп жылдар бойы іздестіру жұмыстарын жалғастырып, ерліктері туралы біз ешқашан білмеген белгісіз сарбаздарды тауып жатқан іздестіру тобының қызметі жайлы. Ресей мен Беларусь, Украина мен Польша топырағында ондаған мың аты-жөні жоқ қаһармандар жаппай бейіттерде жатыр, бірақ іздестіру шараларының арқасында олардың денелері барлық құрметпен жерленетін болады. Павлодардың «Майдан жолы» жасағының құрамындағы Абай облысында құрылған «Ерлік даңқ» іздестіру-зерттеу отряды Беларусь жеріндегі ұрыс кезінде із-түссіз жоғалған қазақстандық жауынгерлерді іздестіру жобасы барысында Семейліктерге өздерінің қайырымдылық істері туралы айтып берді. Шара қонақтары КММ «Новопокровка орта мектебінің» директоры Мұқанов Арман Шәмшиденұлы, тарих пәнінің мұғалімі Кубенов Ернұр Ермекұлы, КММ «Н.Островский атындағы орта мектептің» тарих пәнінің мұғалімі Дерксен Сергей Иванович алғашқы ізденіс сапарларынан алған әсерлерімен бөлісті.
Олардың әңгімесі тыңдаушыларға әсер еткені сонша, әркім қол алысып, Отан үшін жасаған өлшеусіз еңбегі үшін, қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін қалпына келтіргені үшін алғыс айтуды парыз санады.
Шара тұсаукесер мен кітап көрмесімен ұласты. Шара соңында «Milana PLUS» вокалдық студиясының бүлдіршіндері мен кітапхана маманы Марат Байжановтың орындауында жүрекжарды лебізімен соғыс туралы әндер шырқалды.