Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы: әдеби кеш
16 сәуір күні Абай кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық мұрасын насихаттау және жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Шараға Ж.Шайжүнісов атындағы колледж студенттері қатысты.
Кеш барысында студенттер жазушының өмір жолы мен әдеби шығармашылығы жайында баяндама жасалып, поэзиялық туындыларынан үзінділер оқыды. Ақынның өз дауысы тыңдалып, замандастырының естеліктері көрсетілді. Әдеби кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтты.