Менің сүйікті ертегі кейіпкерім: шеберлік сағаты
20 сәуірде Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Granite» білім беру орталығының оқушылары арасында «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» атты шеберлік сағаты өткізді.
Әр баланың сүйікті ертегі кейіпкері бар, кейде ол оған ұқсағысы келеді, және сол ертегінің шытырман оқиғалары туралы жатқа білуге де тырысады.
Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері балаларды ертегілерімен және халық ертегілерінің суретті иллюстрацияларымен таныстырды. Қызметкерлер әр түрлі ертегі суреттерін көрсетіп,балалар қай ертегіге тиесілі екенін тауып белсенділік танытты. Осындай ертегілер балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттырып, оларды таным мен тапқырлыққа баулиды. Шара барысында балалар оқыған ертегілерден алған әсерлерімен бөлісіп және сүйікті ертегі кейіпкерлерін бейнеледі. Суреттері өте әдемі болып балалар өз қуаныштарымен бөлісті. Шара соңында оқушылар балалар әдебиеті бөлімінің оқу залында кітаптармен танысып, ертегілер бойынша дауыстап кітап оқуға қатысты.