Кітаптар-менің достарым: танымдық сағаты
20 сәуірде Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілерімен бірлесе отырып, «Кітаптар-менің достарым» атты танымдық сағатын өткізді. Іс-шара басында кітапхана қызметкерлері слайд арқылы кітаптың жасалу тарихымен таныстырып, «Сиқырлы кітап» танымдық анимациялық фильмін көрсетті. Фильм арқылы кішкентай балапандар кітаптың адам өміріндегі маңызы мен оның сиқырлы әлемі туралы тереңірек түсінік алды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері «Сөз жинау», «Ертегіні тап», «Дұрыс ретпен орналастыр» және т.б. викториналық сұрақтар мен ойындар өткізді. Кітапхана қызметкерлері қазақтың халық ертегілері, әлем халықтарының ертегілері, орыс және шетел ертегілері қойылған «Менің сүйікті ертегілерім» атты кітап көрмесімен таныстырды. Соңында кітапхана қызметкерлері кітапхана бөлімдері бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді, балалар шығармашылық студиясына, робототехника зертханасымен танысты.