Жұмысшы мамандықтар әлеміне саяхат: баспамен танысу
21 сәуір күні Абай кітапханасының ұжымы «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Жұмысшы мамандықтар әлеміне саяхат» жобасы аясында Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасының ішкі жұмысымен, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері кітаптың пайда болу процесімен танысып, қызу еңбектің қайнаған ортасын көрді. Баспада жұмыс істейтін мамандар өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, кітаптың жарық көру жолындағы әрбір кезеңді егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Бұл іс-шара кітаптың қалай пайда болатынын көзімен көріп, оны жасауға атсалысатын жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын ұғынуға үлкен мүмкіндік берді. Сондай-ақ, кездесуде кітаптың сапалы шығуына әсер ететін заманауи технологиялар мен баспа құралдары да таныстырылды.
Іс-шара соңында кітапхана ұжымы «Жәрдем» баспасының жұмысына табыс тілеп, алғыстарын білдірді.