Мерейгер жазушылар- 2025 : әдеби викторина
18 сәуір күні «Кітапхана түні» іс-шарасы аясында Абай кітапханасы қызметкерлері Медицина университетінің шетелдік студенттеріне арнап, 2025 жылғы мерейгер жазушылардың көрмесіне ағылшын тілінде шолу жасады. Кітап көрмесіне қазақстандық жазушылардан Абай, Ілияс Есенберлин, Әл-Фараби, Ш. Уәлиханов т.б қойылса, ағылшын жазушыларынан Агата Кристи, Редярд Киплинг, Джейн Остин және т.б таныстырылды. Сондай-ақ, М.Твен, Рэй Брэдбери, Артур Хейли және Ганс Кристиан Андерсен, Антуан Сент-Экзюпери, Сергей Есенин, Михаил Шолоховтар аталмыш көрмеден орын алды.
Сонымен қатар, кітапхана тарихы, кітапты басып шығару мәселелері бойынша викториналар дайындалып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушылар Saqub Gulzar, Burhan Ulhaq, Aasv Khan, Safa Munshim, Shabeena Nabi-лар үздік қатысушы атанып, кітапхана атынан сыйлықтарға ие болды.