Семей жеріндегі Абай мұрасы: әдеби қонақжай
22 сәуір күні Абай кітапханасының мамандары «Семей жеріндегі Абай мұрасы» тақырыбында әдеби қонақжай өткізді. Шараға Бизнес және сервис колледжінің «Индустриалды дизайн» факультетінің 1 курс студенттері қатысты.
Шара барысында Абайдың ақын, қоғам қайраткері және меценаттық образы ашылды. Кітапхана мамандары Абайдың қоғамдық және қайырымдылық қызметін растайтын кітапхананың сирек қорындағы басылымдармен таныстырды.
Оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінді оқу арқылы Абай шығармашылығымен танысты. Бұл Абайдың ақындық шығармашылығының көп қырлы бейнесін тануға көмектесті. Балалар Абайды философ және лирик ақын ретінде де көре білді. Кітапхана маманы ақын өміріндегі Семей қаласының рөлін атап өтті. Шараға қатысушылар өз заманында Абай аралаған, бүгінде ел үшін қасиетті мәні бар қаланың тарихи орындарымен танысты.
Сондай-ақ студенттерді «Абайдың рухани орталығымен» таныстырып, кітапхана бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылды.