Алғашқы оқырманға кітап сыйлаймыз: акция
«23 сәуір – Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай Абай кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі алғашқы оқырманға арнайы кітап тарту етті. Бұл игі шара – кітап оқуға ынталандыру, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ерекше бағыттағы бұл бастама – оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, көпшілікке үлгі боларлық өнегелі іс ретінде бағаланды. Кітап – рухани байлық, ал оны сыйға тарту – білімге бастар жол.