Кітап – достықтың көпірі : телекөпір
22 сәуір күні Абай кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесі «Кітап – достық амбассадоры» халықаралық акциясы аясында Семей мен Могилев (Белорусь) қалалары арасында «Кітап – достықтың көпірі» тақырыбында телекөпір өткізілді.
Онлайн отырысқа В. И. Ленин атындағы Могилевтің (Беларусь) облыстық жасөспірімдер кітапханасының маманы М.В. Елисеева мен сол кітапхананың оқырмандары А. Сидоренко, Т. Сидоренко, К. Спаргун, Д. Ключниковалар қатысты. Шарада екі жақ тарапынан таныстырудан кейін, екі елдің маңдайалды жазушыларының еңбектері аталып, өзара ой бөлісілді. Атап айтқанда Могилев қаласы тарапынан осы жылғы мерейтой иелері жазушылар Кузьма Черный, Алексей Пысин, Владимир Короткевич, Владимир Липский еңбектері таныстырылып, ұлы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін Белорусьтық жас өрендер Т.Сидеренко мен А.Сидеронка жатқа оқыса, Семей қаласы тарапынан №6 мектептің кітапханашысы М.И.Погорелова және сол мектеп оқушылары А.Молдағали, С.Вахитова, Аллаберген Жандар М.Мағауин, Ғ.Мүсірепов, И.Есенберлин, Б.Момышұлылар туралы тың деректерді олардың назарына ұсынды. Шара соңы «Ұлттық кітап күніне» арналған викторинамен жалғасып, екі жақ тарапынан қатысушы оқушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.