Кітап үміт сыйлайды: акция
23 сәуір күні Абай кітапханасының қызметкерлері “Ұлттық кітап күні” мерекесі аясында ерекше бағыттағы игі іске ұйытқы болды. Кітапхана қорынан Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған жандарға кітап тарту етіліп, рухани қолдау көрсетілді. Атап айтсақ, мекеме қорына 500-ден астам кітап табысталды.
Басты мақсат – қоғамнан оқшауланған азаматтардың рухани дамуына ықпал ету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және олардың өмірге деген оң көзқарасын ояту. Бұл шара арқылы кітапханашылар адамгершілік, үміт пен түзелу жолындағы сенім сынды құндылықтарды дәріптеп, бас бостандығынан айырылған жандардың әлеуметтік бейімделуіне сеп болуды көздеді.
Сонымен қатар, бұл бастама – Ұлттық кітап күнінің мәні мен маңызын айшықтап, әрбір азаматқа кітаптың тәрбиелік, танымдық рөлін еске салатын үлгілі іс болды.