Мерейтой күндері: ақпараттық сағат
23 сәуір күні Электротехника колледжінің 1 курс студенттері үшін Қазақстан тарихында екі бірдей ерекше мерейтой: қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 180 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы жасақталған кең көлемді кітап көрмесіне ақпараттық шолу өткізілді.
«Ұлы Жеңіс – ұрпақ мұрасы» атты ақпараттық шолу студенттерді қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуының ерлік шежіресімен таныстырды. Студенттер Л.Ахметованың 48 жыл еңбек еткен «1941. Брест бекінісі» кітабы туралы толық мағлұмат ала отырып, іздестіру нәтижесінде Брест бекінісін қорғаушылардың 556 жаңа есімі – қазақстандықтар анықталғандығымен таныс болды. Әдебиет және мәдениет қайраткерлері: Нұрғиса Тілендиев, Қасым Аманжолов, партизандар Әди Шәріпов, Қасым Қайсеновтердің әскери өмірін, қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерліктері жайлы ақпарат алды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы семейліктердің өмірі мен қызметін суреттейтін «Екпенді», «Социалистік Қазақстан», «Прииртышская правда» мерзімді басылымдарымен, майдандағы оқиғалар туралы ақпараттық бюро хабарларымен танысты.
Семейлік суретші А.Г.Гореловпен кездесуде студенттерді Абайдың өмірімен және оның есімімен байланысты есте қалатын жерлерді суреттейтін «Абай шығармаларынан шабыттанамын» көрмесімен таныстырды.