Т.Әлімқұлов «Тұлпардың тағдыры»: оқырмандар конференциясы
23 сәуір күні Абай кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Тәкен Әлімқұловтың «Тұлпардың тағдыры» кітабын талқылау мақсатында оқырмандар конференциясы өткізілді.
Кітапхана мамандары шараны ақын, жазушы, әдебиеттанушы Тәкен Әлімқұловтың өмірбаяны мен әдебиетке сіңірген еңбегімен бастады. Атап айтсақ, Т.Әлімқұловтың 14 жасында еңбекке араласып, соғыстан кейінгі жылдарда әдеби қызметін бастағаны сияқты өмірбаяны мен шығармашылығынан шәкірттер тағылым алды. Тәкен Әлімқұлов шығармаларының негізгі тақырыбы – адам тағдыры, шығармашылық адамдарының өмірі.
Конференцияға Әлихан Бөкейханов атындағы университеттің филология факультетінің студенттері қатысты. Конференцияда қаралған мәселелердің қатарында адамның жануарларға деген көзқарасы, иесіне тек жеңіс әкелген аяулы жылқы өлімінің құнына қарамастан, жеңіске деген құштарлық, адамның ашкөздігі сияқты проблемалар болды. Конференцияда басты назар әңгіменің басты кейіпкерлері Тілеш пен Әжібек пен олардың жылқылары Көкқасқа мен Торалаяққа арналды. Әңгімедегі маңызды тұс – аттар арасындағы жылы қарым-қатынас желісі болды. Конференцияға қатысушылар Тілеш пен Әжібектің адами қасиеттерін талқылап, қазақтың қонақжайлылығы мен әдет-ғұрпы мәселелеріне де тоқталды.