Мерейтойларды ұлықтайық: ақпараттық сағат
Жыл басынан Абай кітапханасында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» және Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбындағы 8 бөлімнен тұратын кең көлемді кітап көрмесі жасақталған болатын. Бұл кең көлемді көрмені қаланың әртүрлі мекемелері, оқу-орындарынан студенттер келіп тамашалауда. Соның бір айғағы бүгін кітапханамызда Семей қаласы полиция басқармасы Орталық ПБ қызметкерлері және Шығыс Өңірлік қолбасшылығы «Ұлттық Ұлан» 5511 әскери бөлімінің сарбаздары болып қайтты. Келген қонақтарға Жеңіс тақырыбындағы және Абай туралы арнайы жасақталған кең көлемді кітап көрмесі ұсынылып, арнайы ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш шарада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей халқының қосқан үлесі мен жеңіс күнін жақындату мақсатында аянбай еңбек еткен тылдағы жұмыскерлерінің көрсеткен ерліктеріне, сол уақытта Семейде соғысқа көмек беру үшін құрылған өндіріс орындарына шолу жасалды. Шараға қатысушылар Семейде жасақталған 238-ші және 8-ші атқыштар дивизияларының құрамында соғысқан семейліктердің ерліктерімен танысты. Сондай-ақ, «Абай жолы» сериясы аясында жарық көрген кітаптармен танысып, ұлы тұлғалардың шығармашылығымен сусындап қайтты.