М.Қарт «Аспанға құлау» : кітап тұсаукесері
Астана қаласында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Төлеген Айбергенов төсбелгісінің иегері, Абай облысы мәслихатының депутаты, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың директоры, Қазақстан Жазушылар одағы Абай облыстық филиалының төрағасы Мерей Қарттың жаңа жыр жинағы – «Аспанға құлау» кітабының тұсаукесері өтті.
«Аспанға құлау» – ақынның жан-дүниесіндегі нәзік күй мен азаматтық үннің сабақтасқан поэтикалық өрнегі іспеттес жыр жинақ.
Шараға еліміздің танымал ақын-жазушылары, әдебиет сыншылары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Тұсаукесер барысында автордың шығармашылығына қатысты жылы лебіздер айтылып, жаңа кітаптың тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік болмысы кеңінен сөз болды.