Бір шаңырақ астында: кітап көрмесі
24 сәуір күні Абай кітапханасында 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты кітап көрмесі ашылды.
Көрмені орыс этно-мәдени орталығы мен Қайнар колледжінің студенттері тамашалады. Жиналғандар «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесінің тарихымен танысты. Атап айтқанда, мереке 1859 жылы Австралияда жұмысшылар жұмыс күнін 8 сағатқа дейін қысқартуды талап еткен кезден бастау алатынын, олардың қозғалысын әлемнің көптеген елдері қолдап, бұл мереке Еңбек күні деп аталып кеткенін білді. Қазақстанда Тәуелсіздік алғаннан кейін мереке басқаша мәнге ие болып, «Қазақстан халқының бірлігі күні» деп атала бастады, өйткені қазір Қазақстанда 124 ұлттың өкілдері тұрады және біздің еліміз достықтың, келісім мен толеранттылықтың көрінісі болып табылады.
Кітап көрмесіне қойылған кітаптар туралы толығырақ ақпарат беріліп, этностардың интеграциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлттық киімдері, Қазақстан халқының дәстүрлі тағамдары туралы мәліметтерді қамтитын кітаптарға баса назар аударылды. «Қазақстан – Қарашаңырағым», «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері», «Дом, в котором живет Дружба» фотоальбомы, «Народы Казахстана» энциклопедиялық анықтамалығы, 2021 және 2022 жылдардағы «Этносоциальные процессы в Республике Казахстан» ғылыми еңбектер жинақтары, «Қазақтың дархан дастарқаны», «Грузинская, армянская, азербайджанская, узбекская кухня: национальные рецепты от знаменитых поваров» жинағы және басқа да көптеген басылымдар көрмеге келушілердің назарын аударды.