Уақыт және кеңістік ағымындағы кітапхана: жастар конвенті
Алматы қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың ұйымдастыруымен «Уақыт және кеңістік ағымындағы кітапхана» атты Республикалық жастар конвенті жоғары деңгейде өтті. Ауқымды шара аясында кітапхана саласының жас мамандарына арналған практикалық шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, шетелдік кітапханалардың үздік тәжірибелеріне негізделген мазмұнды тренингтік сессиялар өткізілді. Конвентке еліміздің әр өңірінен келген жас кітапханашылар қатысып, өз кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін арттыруға зор мүмкіндік алды.
Аталған маңызды шараға Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашысы Турсынова Дильназ да белсене қатысты. Ол халықаралық деңгейдегі тәжірибемен танысып, жаңа әдіс-тәсілдер мен жұмыс форматтарын меңгерді. Бұл – білімге құштар жас мамандардың кәсіби дамуына жол ашатын, болашақта заманауи кітапхана қызметін жетілдіруге үлес қосатын маңызды басқосу болды.