Қазақстан – біздің ортақ үйіміз: мерекелік бағдарлама
29 сәуір күні Абай кітапханасында 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу аясында, балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-ның 5-«А» сынып оқушылары арасында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік бағдарламасын өткізді. Шараның шымылдығын Балалар мен жастар шығармашылығы сарайының «Алаш» вокалдық студиясының триосы «Жалғызым-қазақ» әнімен ашты. Аталған шара барысында мерекенің шығу тарихы және оның қазіргі қоғам өміріндегі ұлттық маңызы мен рөлі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын халықтар статистикасы көрсетіліп, олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығы баяндалды.
Іс-шарада викториналық сұрақтар, «Word wall» ойындары өткізіліп, қатысушылар өздерінің білімдері мен біліктіліктерін сынады. Мерекелік бағдарламада Біржанқызы Тасмина «Меркелеріңізбен» атты әннен шашу шашып, , «Тұлпар» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушілері өзбек биімен өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Татар өнер мектебінің» оқушысы Торбаева Дарина «Биилар итек-читеклар» әнін шырқап, Сабиров Тагир мен Матвеев Даниил баян аспабымен «Яблочко», «Егетләр-биюе» әуендерін орындап берді.
Шара аясында «Қазақстан – достық мекені» атты кітап көрмесі жасақталып, елімізде бірлігі мен таулығы жарасып өмір сүріп жатқан халықтардың достығын ашатын кітаптар ұсынылды. Атап айтсақ: «Қазақстан халқының Ассамблеясына – 10 жыл», «Қазақстан және әлем елдері», «Жүз халық, жүз тіл», «Бейбітшілік күні», Сұлтан Қалиұлының «Менің елім», балаларға арналған «Мерекелік тақпақтар» және т.б.