Отан қорғаушы ұландар : кітап көрмесі
6 мамыр күні Абай кітапханасында Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан қорғаушы ұландар» тақырыбында кітап көрмесіне шолу өтті. Көрмені «Қазақстан су жолдары» мемлекеттік кәсіпорнының Кеме қатынасы тіркелімі филиалының мамандары тамашалады.
Қатысушылар мерекенің тарихымен, атап айтқанда, Қазақстан армиясының жаңа тарихы 1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұңғыш президентінің жарлығымен басталғанымен таныстырды. Он жылдан кейін республика әскери қызметкерлерінің мәртебесі мен беделін көтеру туралы шешім қабылданды. Ал парламент бұл күнге мемлекеттік мереке мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына негізделген Қазақстан Республикасындағы әскери қызметтің заңнамалық негіздері туралы ақпарат берілді, егер денсаулығында кінәрат болмаса және заң алдында жауапқа тартылмаған болса, Қарулы Күштердегі қызмет ел азаматтары үшін міндетті болып табылады. Көрмеде Қазақстандағы әскери істердің тарихы мен қазіргі жағдайына арналған көптеген кітаптар қойылды. Атап айтар болсақ, А.К Кушкумбаевтың «Военное дело казахов в XVII-XVIII веках», Қ.А. Аманжолов пен А.Тасболатовтың «Қазақстанның әскери тарихы» кітаптары әскери істердің тарихымен таныстырса, «Отан қорғау – сенің азаматтық борышың» кітабы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналса, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары» кітабы оқырмандарды Қазақстан Республикасы әскерлерінің әртүрлі түрлерінің жарғыларымен таныстырады. Сондай-ақ көрмеге келушілерге мерзімді басылымдардағы мақалалар ұсынылды, атап айтқанда, «Сарбаз» газетінен көрермендерге көптеген мәліметтер берілді.
Л.Ахметованың «Брестская крепость.Казахстан», М.Жакупованың «Тыловые эвакогоспитали Казахстана и республик Средней Азии», «Завтра возвращаюсь на фронт…(из истории эвакогоспиталей в Семипалатинске)», Н.Асилов пен М.Макиповтың «Великая отечественная война в исторической памяти казахского народа», Н.Такижбаевтың «100-я отдельная стрелковая бригада» сияқты қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына қатысқаны туралы кітаптар көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды